Астанада жүргізуші қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған

Астанада жүргізуші қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған
видео кадры

Астанада жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде 28 қыркүйекте Мәңгілік Ел даңғылында болған жол апатының видеосы тарады. Кадрларда Jetour T2 көлігінің жүргізушісі қызды қағып кеткені көрінеді.

Оқиғадан кейін жүргізуші тоқтамай, қозғалысын жалғастырған.

Полицияның мәліметінше, жүргізушінің жеке басы анықталған. Сондай-ақ көлік коммуналдық тұраққа қойылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.