Шарлапаев "Атамекенді" басқара ма?

Сағыныш Сардарова 22 қаң. 2026 09:49

Қанат Шарлапаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметіне үміткер ретінде қарастырылып жатыр. Бұл туралы түрлі дереккөздер жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттік қызметтен кетер алдында Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды. Бұған дейін ол өнеркәсіп және құрылыс министрі, сондай-ақ, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы болған.

Айта кетейік, Қанат Шарлапаев Ресей Федерациясының Саратов облысында дүниеге келген, ұзақ уақыт Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп, еңбек еткен. Мемлекеттік қызметке келгенге дейін Ресей мен Ұлыбританияның азаматтығына ие болған, ал Қазақстан азаматтығын елге оралғаннан кейін алған.

Мансабының едәуір бөлігі халықаралық банкте өткен. Онда ол Ресей нарығымен және ТМД елдерімен байланысты жобаларда жұмыс істеген. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove