Ханами – шие ағашының гүлдену кезеңі. Бұл мереке Жапониядағы ежелгі Танг империясында XII ғасырдан бері ерекше атап өтіліп келеді. Шығу тарихында түрлі аңыздар да бар.
Жапонның атақты қылқалам шебері Каноуби Цунобудың аты тарихта сакурамен байланысты сақталған. Оның туындылары Токиодағы Санторий мұражайынан тамашалауға болады. Жапон суретшілері өз туындылары арқылы сакура – гүлденген ғұмыр, сакура – өркендеген тіршілік, сакура – жұмақ деген идеяны бейнелеген.
Жапонияда көктем ерте шығады. Сондықтан сакураның гүлденуін бүкіл жапон халқы болып бақылайды. Шие ағаштары гүл жарып түрлі түске енуін қалт жібермейді. Бұл кезең негізінен наурыз айының басынан мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Ханами мемлекетте ресми мереке болып бекітілген. Мереке кезінде адамдар жұмысқа, жастар мен балалар сабақтарынан босатылады. Барлығы саябақтарда, аллеяларда, түрлі демалыс орындарында қыдырып, көңіл көтереді. Орталық алаңдарда адамдардан аяқ алып жүргісіз жағдайға жетеді. Сакуро гүлдеген кезде жапондар ұлттық киімдерін киіп, ұлттық билерін көпшілікке тарту етсе, ұлттық әндерін аспандата шырқайды.
Бетін аққа бояп кимоносын киген жапон әйелдері ұлттық тағамдарынан қонақтарға дәм татқызады. Бір-біріне игі тілек-лебіздерін айтып, келесі көктемде молшылықта, аманшылықта жолығуына ниет білдіреді. Жапондар көктемнің осынау мерекесін шексіз сүйіспеншілікпен қарсы алады. Жалпы жапондардың ұлттық символын көрсететін маңғызды мейрам. Көктем мезгілін осындай алапат сезіммен сүйетін жапондардың сакуро туралы халықтық әні де бар. «Сакуро» әнін қазір жапон сахнасында Икимино Гакари атты әнші қыз орындап жүр. Оны біз өлең түрінде сіздерге аударып жеткізуге тырыстық:
Сакура күлтелері түседі
Еске сап қол ұстасқан күндерді.
Сіз берген – ғашық жанның уәдесі,
Сақталып, бір жүректе бүрленді.
Сакура,
Әр кезде баратынбыз есімде,
пойызға екеуіміз, біз бірге.
Көңілді мұндай сәттер керемет,
мен үшін созылғандай мәңгіге.
Әр кезде қарайласам өткенге,
Әр уақыт, көзім жұмып бір сәтке:
менімен осы маңда емессіз,
Жадымда естеліктер көп менде.
Үмітсіз – сол уақыттар, білемін
Мендегі діріл қаққан жүрегім,
Байқасаң, бос орын бар әлі де
Байқасам сіз табарсыз бір емін.
Балалық, ғұмыр солды – иірім
Сізсіз жоқ, менің бүкіл өмірім.
Сіз меннен болсаңыз да алыста,
Мен сонау шие гүлді көремін.
Мен ғана сізді ести аламын,
Сіздегі жүрек үнін қаладым.
Шиелер бүршік атқан көктемде,
Мен сізбен мәңгі бірге боламын.
Сакура күлтелері түседі,
Еске сап қол ұстасқан күндерді.
Сіз берген – ғашық жаның уәдесі,
Сақталып, бір жүректе бүрленді...
Әділет ЫҚЫЛАС, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенті
(Өлеңді ағылшын тілінен аударған автор)