Шетелде ұсталған блогер Қайсар Қамза қайда?

Шетелде ұсталған блогер Қайсар Қамза қайда?
ашық дереккөз

Қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнам аумағында қамауда отыр. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді., деп хабарлайды dalanews.kz.

СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, қазіргі уақытта блогерді экстрадициялау мәселесі құзырлы органдардың қарауында жатыр.

«Оны экстрадициялау мәселесі қазір тиісті органдар тарапынан қаралып жатыр», – деді ведомство өкілі.

Бұған дейін блогер әлеуметтік желідегі парақшаларында ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, тек құжаттарының уақытша алынғанын мәлімдеген болатын.

Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Ведомство мәліметінше, Қайсар Қамза шынымен де Вьетнамда қамауда отыр.