Серікжан Мәмбеталин:Шешімді Кремль қабылдайды...

Dalanews 06 сәу. 2015 00:52 889

(Басты беттегі сурет "Азаттық" сайтынан алынды)


«Руханият» партиясының бұрынғы төрағасы, саясаткер, қазір шетелде тұратын Серікжан Мәмбеталин «Қала мен Далаға» сұхбат берді. Ақорда және Кремль, Немцов және Әлиев, ортақ валюта, украин дағдырысы туралы ойларын айтты.   

 – Ресей арналары (ақпараттық тұрғыдан) қаншалықты қауіпті? Кремль бізді де дуалап алды деп айтуға бола ма?

[caption id="attachment_10002" align="alignleft" width="275"]mambetaaalllin1 Серікжан Мәмбеталин[/caption]

– Қазіргі Ресейдің баспасөзі, сайты, телеарнасы болсын, насихат құралына айналған. Жоқ... дұрысырағы психотроптық қаруға айналды. Ең алдымен, орыс қоғамының басын айналдырып отыр. Орысша мұны «зомбирование» дейді. Қырымдағы татарларға тәуелсіз ақпар тарататын ең соңғы арнаны жақында ғана жапты.

КСРО кеңістігінде өсіп, тәрбиеленген адамдар мемлекеттік арналардан тарайтын ақпаратқа имандай сенеді.Олар үшін бұл ақиқат. Оны сараптап, салмақтауға болмайды.

Ресейлік арналардың қазақстандық қоғамға да ықпалы зор.  Біз ресейлік ақпараттық кеңістікте малтып жүрміз.

– Әлиевтің қазасына қарағанда Немцовтың өлімі ел арасында көбірек талқыланған сияқты, қалай ойлайсыз?

– Саясаткер ретінде маған екеуінің де өлімі тосын болды. Немцовпен де, Әлиевпен де жүзбе-жүз кездескем. Екеуін де ешкімге күтпеген жерде өлтірді. Бірі Мәскеудің жан-жақтан күзетілетін жерінде ажал құшты. Енді бірі Венаның орталығындағы, Австриядағы ең қауіпсіз деген изоляторда көз жұмды.

Иә, Немцов өлді. Орыс оппозициясы болашақта патша тағына таласуы мүмкін әлуетті, тәжірибелі саясаткерден айырылып қалды. Әлгі бір: «Немцов Путинге бәсекелес емес» деген пікірлерді тыңдамаңыз. Былжырай береді. Білсеңіз, Путин Петербор мэрі Собчактің сөмкесін сүйретіп жүрген кезде, Немцов Ельцин үкіметінде вице-премьердің қызметін атқарған.

Ал Әлиев кеткеннен кейін постназарбаев кезеңінде туындауы мүмкін саяси толқулардың тәуекелі азайды. Билік үшін. Рахат президенттің айналасындағы адамдардың интеллектуалдық әлеуетінің төмендігі мен адамгершілік болмысының аздығын әшкерелеп көрсеткен болатын.

[caption id="attachment_10000" align="alignright" width="499"]раш-гл1 Путин карикатурасы[/caption]

– «Путин өлді» деген хабарға неге сонша қатты қуандық? Бұл біздің одан қорқатынымыздың белгісі ме? Әлде, біз оны жек көреміз бе? Бәлкім, бұл екеуі бір ұғым шығар?

– Владимир Владимирович қазіргі Ресей үшін жай ғана президент емес. Мен емес, өзі солай ойлайды.

Ол Украинадағы дағдырысқа тікелей жауапты. Қырымды тартып алған да осы – Путин. Өткенде Қырым туралы фильмді көрдім. Түбекті басып алғанын өз аузымен мойындады. Беті бүлк еткен жоқ.

Ол өзгеріп кетті. Қазір трансформация деген сөз трендте ғой. Солай айтайық.  Ол ұзақ өзгерді. Ресей бірден емес, біртіндеп батты батпаққа. Соңғы 15 жылда әжептәуір дамыған елдің экономикасы бір жылдың ішінде бүтіндей бүлінді.  Путин бір жыл бұрын кеуде ұрып тұрды. Қазір де кеудемсоқ. Бірақ бүгінгісі жасанды. Іші түтін. Ол шынайы өмірге енді кірді...
Оларға айтарым: екі ел 1993 жылдың тамызына дейін рубльдік одақта болды. Бұдан соң Ресей өз валютасын енгізді. Ал әлгі ескі рубльдер балалар ойнайтын фантикке айналды. Орыстың көпестері осы фантиктерге Қазақстаннан тонналап тауар, шикізат сатып алып қарық болды. Біздің билікке тек үш ай (!) өткесін барып (қарашаның аяғында) ес кірді. Асығыс-үсігіс өз валютасын енгізді. Асыққаны сондай, ақшаның дизайнын тіркеп үлгере алмай, оны басып шығару ағылшындарға бұйырды.

Ал біз ше? Еуразиялық одақтан аулақта, кедендік кеңістіктен бөлек болсақ, әзіргі Ресейдің жағдайын мүсіркей  қарап отырар ма едік. Қазіргі жағдайда халықаралық санкциялар Қазақстан экономикасына, теңгенің бағамына тікелей әсер етіп отыр. Содан да шығар, Путин туралы қандай да бір ақпарат тараса, құлағымызды түре қаламыз. Экономика, сыртқы саясаттағы шешімдер Ақорда да емес, біраз уақыттан бері Кремльде қабылданатынын білеміз, өйткені.

Путин аяқасты «ортақ валюта құрайық» деді. Бұл немен байланысты болуы мүмкін? Ол неге одақтастарды асықтырып жатыр?

– Орыс экономикасы нокауттың алдында тұр. Санкциялар, мұнай бағасының төмендеуінен Ресейдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) Нью-Йорк штатымен деңгейлес болып қалды. Сайып келгенде, біз әлдеқандай қылып «160 млн адамды біріктіреді» деген нарық өзінің тартымдылығын жоғалтты. Халық та ақымақ емес, ел ойлана келе: «Күллі әлем кері итеріп отырған елмен одақтасқаннан опа табамыз ба?» дейді. Кремль бекерге асығып отырған жоқ. Біздің билікте ресейшіл топтардың күші басым. Бірақ ертеңгі күні билік ауысқаннан кейінгі жағдай не болады? Орынтаққа ұлтшыл немесе батысшыл тұлға отыра қалса, қайтпек керек?

– Мәселе Путиннің ұсынысына Астана не дейді? Оған «жоқ» дей аламыз ба?

– Әй, білмеймін. Бұған да саяси ерік-жігер керек. Бұл Ақорда да бар ма?..

Әзір әлеуметтік желілерде, баспасөз бетінде «ортақ валюта құрғаннан ұтылмаймыз» деп жатқандар пайда болады. Оларды ұрсып-сөккім жоқ. Мәскеуге жұмыс істейтін экономист, саясаттанушылардың тобы бұл идеяны әлі біраз езеді.

Оларға айтарым: екі ел 1993 жылдың тамызына дейін рубльдік одақта болды. Бұдан соң Ресей өз валютасын енгізді. Ал әлгі ескі рубльдер балалар ойнайтын фантикке айналды. Орыстың көпестері осы фантиктерге Қазақстаннан тонналап тауар, шикізат сатып алып қарық болды. Біздің билікке тек үш ай (!) өткесін барып (қарашаның аяғында) ес кірді. Асығыс-үсігіс өз валютасын енгізді. Асыққаны сондай, ақшаның дизайнын тіркеп үлгере алмай, оны басып шығару ағылшындарға бұйырды.

1993 жылғы бос сөрелер мен тапшылық, таршылық өз валютасын енгізуге қорыққан және Кремльдің қабағына қарап үйреніп қалған біздің биліктің мінезсіздігінен орын алды. Ең сорақысы, біз халықаралық келісімшартты орындамай, ол түгілі, оларды бұзып отырған елмен ортақ валюта құрмақпыз.

– Бірақ, Мәскеу мұнымен тоқтай ма? Ертең ортақ ту, елбаңба, әнұран сияқты әңгімелер айтылуы мүмкін бе?

– Әрине. Ресей бір кезгі «қызыл империяның» жалғасы. Ендеше, әлгі дүниелердің де айтылуы заңды. Кремль үшін. Қазақстанда «еуразиялық идеяны» насихаттайтын саясаттанушылар, экономистердің үлкен тобы қарқынды жұмыс істейді. Солардың аузымен айтады. Біз бұған қарсы келе аламыз ба? Күмәнім көп. Оппозиция «өлген», өткен жолғы Мәжіліс сайлауында билікке ұлт жанашырларын өткізбек болған «Руханият» партиясын тізімнен сызып тастады. Мұхтар Шахановтың «Халық рухы» партиясы, міне, 7 жыл болды, әлі тіркелген жоқ. Құжаты Әділет министрлігінде жатыр.

– Киев мәселесіне келгенде одақтастан бітімгерге айнала алмауымыздың себебі неде?

– Ілгеріде айттым ғой, біздің билік шешім қабылдай алмайтын жағдайға жетті. Кесімді сөзді Кремль айтады.  Демократиялық даму тұрғысынан Батыстың алдында біз не, Беларусь не, бірдейміз. Есіңізде болса, Кондолиза  Райс Беларусь билігін «Еуропадағы ең соңғы диктатура» деген. Ендеше, оларға айдаладағы Астанаға келгеннен не пайда?

– «Еліміздегі орыс ұлты украин дағдарысы туындағалы Путинге қарап өмір сүретін болды» деген пікір айтылады. Бұл қаншалықты қисынды.

– Өкініштісі, еліміздегі орыстар (бәрі болмаса да, басым көпшілігі) ресейлік арналардың арбауына түсіп қалды. Швецова-Валова, шовинистік ұрандар соның әсері. Анығы, орыс ұлты Назарбаевты бүгінгі тұрақтылықтың кепілі санайды. Бірақ, қазіргі ұлтаралық татулық Елбасының сара да сарабдал саясатының нәтижесі ғана емес. Жалпы, қазақ табиғатында толерантты ұлт. Әрине, егер Кремль арандатпаса... Қазақстанға Украинаның жолын бермесін. Мұндай сценарийден аулақ боламыз деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен, Думан БЫҚАЙ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар