«Сенім жәшігі» студенттерді жемқорлықтан қорғайды

Dalanews 30 қаз. 2019 11:00 1271

Үстіміздегі жылдың 21 тамызында өткізілген «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша шараларды зерделеуді және шара қабылдауды тапсырды.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында  «Jas Otan»  ЖҚ Түркістан облыстық  филиалының ұйымдастыруымен Халықаралық қазақ-түрік университетінде  Түркістан  «Adaldyk alany» жобалау кеңсесімен бірігіп, жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, студенттердің өтініштерін жедел қабылдауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында «Сенім жәшігі» қорабтары орнатылды.

Аталған іс-шараға  «Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық  филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева, Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Әлеуметтік қолдау және тәрбие істері» жөніндегі вице-президенті Әміреқұл Абуов және Түркістан  «Adaldyk alany» жобалау кеңсесінің жетекшісі Ақтөре Талғатұлы қатысып, оқу орнындағы студенттердің жай-күйімен танысты.

«Nur  Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары  Қалыйма Жантөреева айтуынша:

– Сенім жәшігін орнатудағы басты мақсат – студенттер мен оқытушы құрам арасындағы орын алатын заң бұзушылықтарды құзыретті органдарға жеткізу және  университетте ашықтықты, әділеттілікті, адалдық құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.


Сенім жәшігі Халықараралық университеттің өзге де ғимараттары мен студенттер үйіне 10 данасы қойылды. Сенім жәшіктерін қадағалау, бақылау «Jas Otan» ЖҚ келіп түскен арыз-шағымдарды құзыретті мекемеге жолдау ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Қ.А.Ясауи университетінде ашылған «Парасат орталығы» арқылы жүзеге асыратын болады.

Алдағы уақытта, «Сенім жәшіктерін» өңіріміздегі өзге де  Жоғарғы оқу орындарымен мен барлық колледждерде орнату жоспарланып отыр-деді облыстағы  партия төрағасының орынбасары.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар