«Қазселденқорғау» компаниясының бұрынғы қызметкері Талғат Әлиевке «Семей орманы» табиғи резерватының орман өрті салдарынан келтірілген 161,5 миллиард теңге көлеміндегі залалды өтеу үшін 28 446 жыл қажет, деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.aqsha-ға сілтеп.
«Қазселденқорғау» бас директоры Әлиев қызметтік міндеттерін дұрыс атқармау салдарынан ірі өрт болып, шартты түрде жазаға тартылды. Өрт салдарынан 63 мың гектар орман өртеніп кетті, ал залал мөлшері 161,5 миллиард теңге деп бағаланды. Бұл соманы Экология министрлігі мүліктік шығын ретінде танып, сот Әлиевті оны өтеуге міндеттеді. Бұған қосымша, мемлекеттік баж ретінде 4,8 миллиард теңге төлеуі қажет.
Шенеунікке ерікті түрде өтем жасауға бір ай уақыт берілген, егер бұл орындалмаса, мәжбүрлеп өндіру механизмі іске қосылады.
«Сот шешімін орындау үшін Алматы қаласының Әділет департаментіне жіберілді. Қазіргі уақытта мүліктік шығынның өтелуі туралы өзекті ақпарат жоқ. Алматы қаласының Әділет департаментіне сұрау жіберілді», – деп мәлімдеді вице-министр Нұркен Шәріпов.
Әлиевтің қызметте болған кездегі жалақысы 473 215 теңге болған. Осындай жалақымен барлық соманы өтеу үшін 28 мың жыл қажет болады.
“Министрлік кінәлі деп танылған тараппен ешқандай келісім жасасқан жоқ. Оның тарапынан ұсыныстар немесе бастамалар да болған жоқ”, – деп жауап берді Шәріпов.