Семейлік тергеуші Ресейдегі жантүршігерлік қылмысты ашты

Семейлік тергеуші Ресейдегі жантүршігерлік қылмысты ашты
ІІМ

Абай облысында 2015 жылы Ресей аумағында жасалған кісі өлімі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу мәліметінше, төрт адам қымбат көлікті сатып алу сылтауымен оның иесін кездесуге шақырған. Кейін күдіктілер ер адамға шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған, қылмысты жасыру үшін оны көлікпен қағып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.

Жантүршігерлік қылмыстан кейін күдіктілер көлікті иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Іс бойынша ауқымды тергеу жұмыстарын Абай облысы ПД Тергеу басқармасының тергеушісі Ажар Сартова жүргізген. Тергеу барысында куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау жазбалары мен хат алмасулар зерттелген.

Осылайша ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген соңғы күдікті 2024 жылы Алматыда ұсталды. Бұған дейін бұл іске қатысы бар үш адам сотталған болатын.

Соңғы айыпталушы адам өлтіру және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.