Анау деген Украинада әлі де орыс пен орысшылдар ықпалды
– Украина масқара жағдайда: Ресей Қырымды тартып алды, Ресей Шығыс Украинада – Донбас пен Луганскіде ресейшіл сепаратистерді қару-қаржы-сепаратистермен қолдайды. Оның үстіне, Украинаның газы жоқ, мемлекетте қаржы жетіспеушілігі туындап отыр. Украинаның жетістігі 2014-2019 жылдары – Ресейден одан ары жеңілген жоқ,
Украинада көп жылдарда демократия орнады. Украина Ресейге капитуляция жасаған жоқ. Батыс мемлекеттері Ресейге экономикалық санкциялар салды.
Украинаның бір жетістігі: украин тілі күшейді бірақ жеңген жоқ. Украинада әлі де орысшылдар көп және олар әлі ықпалды, – деп жазады ол.
Қазаққа көп қиялдай берген қауіпті
– Қазаққа айтар ақылым, қазіргі жағдайды сақтау – Назарбаевтың саясатын сақтау. Грузияның, Украинаның ащы сабағын Қазақстан есепке алуы керек. Демократия уақытша болса да мемлекеттің қарулы күштері мен берекесін кетіреді. Жау жоқ деме, жар астында. Ал демократия жоқ болса – коррупция құтырады. Себебі билеушілер, жергілікті басшылар ашық түрде мемлекетті тонай бастайды. Ол да жаман. Әсіре демократия мен піспеген демократия агрессияға дәрменсіз. Олар біраз территориясынан айырылады.
Қауқарлы демократиялар да бар: Израиль. 22 араб мемлекетіне қарсы тұрып, төрт Араб-Израиль соғысында жеңіспен шықты, бай және қуатты мемлекет. Мүмкін, Ресей бара келе бәсеңдер. Әзірше халық саны мен экономикасын күшейту, демократияға жылжу.
Тәтті қиялым бар: шіркін, біз Европалық Одақ пен НАТО-ға кірсек, бірақ Ресей мен Қытай бізді сол қиялға жеткізбей, жерімізді турап, жеп қояр. Онда қиялым қатерге апаруы ықтимал. Әйтпесе кіп-кішкентай Эстония (эстондардың саны бір миллионға сәл жетпейді, ал қазақ саны Қазақстанның өзінде 13 миллион.) Ол ЕО пен НАТО-ның мүшесі.
Айтпақшы, біз де Европамыз. Жеріміздің 12% құрылықтың Европа бөлігінде жатыр. Көптеген сапалық көрсеткіштен біз европалықпыз, – деп аяқталады ғалымның жазбасы.