Сарыағаштық өрендер Тұңғыш Президент күнін жоғары деңгейде атап өтті

Dalanews 29 қар. 2018 14:19 688

29 қараша күні Сарыағаш аудандық орталық кітапханада 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тұлғатану кеш өтті. Шараға аудан орталығындағы Ломоносов атындағы мектептің 8 сынып оқушылары белсене қатысқанын айта кетуіміз керек.

Іс- шара еліміздің әнұранымен басталды. Бұдан кейін жүрегі «Мен – қазақпын» деп соғатын кітапхананың кішкентай оқырманымыз Еркебай Мұхаммеджан тамаша әнін тарту етті.

Кештің көркін ашқан мәдениет үйінің қызметкері Глафира Богатова «Туған жер» әнімен шашу шашса, аталмыш мектеп оқушылары Елбасы жайлы жыр- шумақтары мен қазақтың ұлттық биі «Жұмыр қылыш» биін және «Түрікмен» күйін орындап көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ал Арыстанбаб колледжінің 2 курс студенті Шорабай Балжан «Елбасыға» атты арнауын орындады. Кітапхана қызметкері Сұлтанов Құрманғазы Елбасы туралы өз пікірін білдіріп, еліміздің әрбір өскелең ұрпағына көшбасшымыздың ерен еңбектерін, үлгі болар қасиеттерін, еңбекқорлығы мен ұлтжандылығын әңгімелеп берді.

Ал кітапхана қызметкері Айдана Тұрғынбаева «Еліне туған ер тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасап, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбектері, іс-сапарлары туралы деректерді таныстырып өтті.

Іс-шараны кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Гүлзарипа Өмірзақова қорытындылап, көпшілікті кітапхана ұжымы атынан Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, іс-шараның өтуіне белсене атсалысқан Ломоносов мектебінің ұстазы Гүлнара Таңсықбаева бастаған  оқушыларға алғыс білдірді.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар