Сара Назарбаеваның ауруханаға қандай диагнозбен түскен?

Көркем Алдабергенова 11 ақп. 2026 16:05

Тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қандай диагнозбен ауруханаға түскенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатты. Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірген.

"Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады. Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болды", - дейді Айдос Үкібай. 

Биыл қаңтар айында жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Сара Назарбаева Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove