Сотты болған экс-министр Жақсылық Досқалиев Adal adam Youtube-арнасына берген сұхбатында бала асырап алу ісіне қатысы барларды тексеруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қоғам тарапынан кейбір пікір айтылып жатыр. Судың да сұрауы бар. Ұлтымыздың ең қимасын жатқа асыруды қос қолдап,үгіт насихатын жүргізген адамдарды тексеру керек шығар" деп. Мысалы, "Бөбек" қорының басшысы Сара Алпысқызы, "Милосердие" қорының Аружан Саин деген сияқты. Осы кісілер Гаага конвенциясына сүйеніп, шетелге бала асырып жіберудің пайдасы зор екенін айтты ғой кезінде. Қазір де айтып жүргендер бар. Осыларды тексеру керек деп ойламайсыз ба?" - деп сұрады журналист бұрынғы шенеуніктен.
Бұрынғы денсаулық министрі бұл сауалға қысқа жауап берді.
"Егер де қылмыс болса, заңбұзушылық болса, заңды белінен басып жатқан жағдай болса, оны тексеру керек деп санаймын. Егер де заң шеңберінде жасалған нәрсе болса, оған уақытты тоздыру қажеті жоқ деп санаймын", - деп қысқа қайырды Досқалиев.