Апат айтып келмейді. Зілзала орын алған жағдайда жұрттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды.
Әсіресе, қауіпсіз жерді паналауға мүмкіндігі келмейтін жандарды оқшаулау жұмыстарына айрықша ден қойылуы тиіс. Сол себепті де біз жер сілкінісі болған жағдайда қалай оқшаулау жұмыстары жүргізілетінін бақылау мақсатында жаттығулар жасап отырмыз, деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО ТЖД қызметіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі кезінде әрбір адамның өмірі құнды әрі әрбір сәтті ұұтымды пайдалану маңызды.Мұндай жағдайда мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдырына қауіп төнеді. Төтенше жағдай қызметкерлері бқл мәселеге айрықша мән береді.
- Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында олар жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттердің негізгі ережелерін қызметкерлерге түсіндіріп, содан кейін іс жүзінде оқшаулау амалдары жүргізіледі, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Сейсмикалық жаттығулар барысында, қаупісіз аймаққа баруға қауқарсыз адамдардың көптігін аңғардық және мақсатымыз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Яғни, қарттар, науқастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мелінше жылдам оқшауландыру жұмыстарын қолға аламыз.
- Ұлан ауданы сейсмикалық қауіпті аймаққа жататындықтан, мекеме мен орталық қызметкерлері жер сілкінісіне үздіксіз және мұқият дайындықта. Мұны жаттығу барысында көрсеттік, - деп мәлімдеді Сейсмикалық жаттығулар қорытындысымен №13 өрт сөндіру бекетінің бастығы Айдын Келдібек.