Алматыдағы ХҚКО мен банктерге шағымданған ресейлік әйел желіде сынға қалды

Алматыдағы ХҚКО мен банктерге шағымданған ресейлік әйел желіде сынға қалды
видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматыға келген ресейлік әйелдің жергілікті банктер мен ХҚКО жұмысына қатысты наразылығын білдірген видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желіде тараған кадрларда әйел банк картасын екі күннен бері рәсімдей алмай жүргенін айтады. Оның сөзінше, қызметкерлер алдымен ЖСН алу қажет екенін айтып, әр мекемеге жіберген.

Видеода әйел эмоцияға беріліп, былапыт сөздер қолданған. Сонымен қатар оның: «Өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезініп тұрмын» деген сөзі көпшіліктің ашуын туғызды.

Пікір жазған қолданушылардың көбі Қазақстанда шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеу – қалыпты талап екенін атап өтті. Сондай-ақ олар басқа ұлт өкілдерін мысалға келтіріп айтылған сөздерді менсінбеушілік әрі құрметсіздік деп бағалаған.

Видео желіде қызу пікірталас тудырды. Бірі мұны бюрократияға тап болған адамның эмоциялық реакциясы деп қабылдаса, енді бірі айналасындағыларға менсінбей қараудың көрінісі деп есептейді.

Құзырлы органдар әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.