Қазақстандық файтер Санжар Әділов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финалда сынға түсті, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп қалды.
Осылайша, қазақстандық файтер Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.
"Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді", - деді Туризм және спорт министрлігі өкілдері.