"Самұрық-Қазына" "Qazaq Air" АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату шартына қол қойды

Кәмшат Тілеухан 01 қаң. 2025 18:22 1710

"Самұрық-Қазына" АҚ инвесторлар консорциумымен "QAZAQ AIR" АҚ-ның акцияларын сатып алу-сату шартына қол қойды, деп жазады Dalanews.kz.

"2024 жылғы 24 желтоқсанда "QAZAQ AIR" АҚ-ны 2023 жылдың соңына 81 миллиард АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның "Самұрық-Қазына" АҚ ұлттық әл-ауқаттың егеменді қоры және "Central Asia Aviation Holdings Limited" ЖК (Sovico Group JSC вьетнамдық конгломератының тобына кіреді) және "Kazasia Holdings Limited" ЖК құрамындағы консорциум арасында бәсекелес ортаға беру шеңберінде міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, оның ішінде сатып алу-сату шартына қол қойылды", делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сатып алу-сату шарты 2024 жылғы 27 желтоқсанда "QAZAQ AIR" акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметінің жеке қаулысы қабылданғаннан кейін заңды күшіне енді.

"Бұл ретте мәміле жабық болып есептеледі, ал акциялар тараптар келіскен барлық алдын ала шарттарды орындағаннан кейін инвесторлардың меншігіне беріледі. Мәміленің мақсаты – азаматтық авиацияның отандық нарығын одан әрі дамыту, оның ішінде бәсекелестікті арттыру, Қазақстан Республикасынан/Республикасына халықаралық тұрақты рейстерді қарқындату, жұмыс орындарын құру және т.б. есебінен дамыту. Бұл ел экономикасының аралас секторларына да оң әсерін тигізеді деп күтілуде", делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін QAZAQ AIR въетнамдық компания ақыры сатылатын болғанын, мемлекеттік комиссия келісімді мақұлдағанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ сайтымызда осы тақырыпта "Въетнамдағы тұңғыш миллиардер әйел және Қазақстан" деген мақала жарияланған. Нгуен ханым - SOVICO-мен байланысты вьетнамдық  Vietjet Air лоукостерінің негізін қалаушы.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар