Самат Әбіш қазір қайда жүргені белгілі болды

Көркем Алдабергенова 28 ақп. 2024 13:10 5206

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Самат Әбіш қазір қайда екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Шындалиев Мәжіліс кулуарында іс сотта қаралып жатқанын айтты. 

"Ол Қазақстанда. Қалғанын білмеймін.

Елден шықпау туралы қолхаты бар. Қалғанын айта алмаймын. Оны білуге рұқсатым жоқ. Іс сотта қаралып жатыр. Статусы (Самат Әбіштің) сотталушы шығар", - дейді Шындалиев. 

Еске салайық, бұған дейін "Дикий Арман" - Арман Жұмагелдиев қаңтарда Самат Әбіштің қандай бұйрығын орындағаны белгілі болған еді. Бұл туралы Қаңтар оқиғасынан кейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталған полковник Руслан Ысқақов «Новая Газетаға» айтып берді.

Руслан Ысқақов қаңтар оқиғасына байланысты өткен сот отырыстарының бірінде ол Самат Әбіштің бұйрығын орындағанын айтқан болатын.  Әбіштің бұйрығымен Ысқақов Арман Жұмагелдиев – Дикий Арманды бұл іске тартқан көрінеді. Жұмагелдиев қылмыс әлемне қатысы бар және Назарбаевтар әйулетінің тапсырмасын орындаушы ретінде белгілі.

Руслан Ысқақов билікке және БАҚ өкілдеріне ашық хат жазған. Хатында ол «шын мәнінде митингті 2019 жылы елді басқарған президентпен есеп беріп, өз іс-әрекеттерін үйлестіретін үкімет пен тиісті министрлік тудырды» дейді.

Осылайша елде хаос басталған. Сол кездегі орталық аппаратты жедел басқару Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары болған Самат Әбішке жүктелген. Руслан Ысқақовтың сөзінше, 2022 жылы 5 қаңтарда Самат Әбіш «Арман Жұмагелдиевтің көмегіне жүгіну керек» деп бұйрық берген екен. Самат Әбіш Дикий Арманнан Алматы әкімдігінде қалып қойған полицейлерді құтқарып, Республика алаңындағы жағдайды бақылауға алуды сұраған көрінеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар