Сағынтаев түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Dalanews 25 мам. 2021 08:16 990

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында алматылық мектеп түлектері мен мұғалімдерді құттықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Әкім биыл 11 337 мектеп бітіруші үшін қоңырау соғылатынын хабарлады. Жас түлектің 642-сі "Алтын белгіге", 758-і үздік аттестатқа үміткер екенін айтты.

Биылғы оқу жылы пандемияға байланысты толығымен онлайн форматта өтті. Оқушылардың 97%-ы қашықтан білім алды.

Мұғалімдер шыдамдылық танытып, ата-аналар қолдау білдіріп, ал балалар еңбекқорлығы мен күш-жігерін көрсеткені үшін алғыс айтамын, — деп жазды әкім және үйлесімді жұмыстың арқасында балалар оқуда жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Еске салсақ, Алматы командасы оқушылар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиада 18 рет жеңіске жеткен болатын.

Құрметті түлектер! Жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұрсыздар. Аңсаған армандарың орындалып, алға қойған мақсаттарыңа жетіңдер! Сіздерге зор денсаулық пен табыс тілеймін! Ақ жол!, — деп қорытындылады қала әкімі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар