Сағынтаев Нұрқаділовтың кебін киді

Dalanews 02 ақп. 2022 02:09 685

Бақытжан Сағынтаев екі жыл Алматы қаласының әкімі болғанда Жазушылар Одағының мүшелеріне 500 мың теңгеден степендия таратып, біразына үй беріп еді. Әкімнің қолынан степендия мен үйдің кілтін алған ақын-жазушылар Сағынтаевты жақтап бір ауыз сөз айта алмады. Бұл жайында Aibek Erezhep өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.   

Сағынтаев әкім болып тұрғанда көптеген ақын-жазушының кітабын тегін шығарып берді. Біразына үй берді. Бірқатар ақын-жазушылар Әл-Фараби даңғылының бойынан үй алды. Әкімге қарсы петиция жариялағанда солардың ең болмағанда жартысы үн қатуға болар еді.

Кезінде Заманбек ағамыздың қолынан талай жақсылық көргендер де,  басына іс түскен кезде тілін тістеп қалған болатын.

«Жақсылыққа — жақсылық, әр адамның ісі» емес пе еді» деп ойын айтты желі қолданушысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар