«Тайжанға қатысты айтар болсам, бұл менің қызметіме жатпайды деп есептеймін. Маған ол қызық емес және онымен кездесуді де көздеп отырғаным жоқ», - деді білім министрі бүгін Үкімет үйінде журналистердің сауалына жауап бере келе.
Еске салайық, Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салалары бойынша жүзеге асырылуына арналған брифинг өткен болатын.
Айта кету керек, таяуда «Хабар» арнасында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев арасында міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты пікірталас болды. Осыдан кейін Мұхтар Тайжан да Фейсбук арқылы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті ашық пікірталасқа шақырған еді.
Дереккөз: Қазақпарат