Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жұмыс сапарымен Қарағанды өндірістік алаңына барып, «Нұрқазған» кенішін және Нұрқазған байыту фабрикасын аралады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Өндірістік үдерістердің қазіргі жағдайы туралы кешенді түсінік қалыптастыруды мақсат тұтқан жұмыс сапарында жұмысшылардың еңбек жағдайынан бастап, кен өндіру мен байытуда қолданылатын технологиялық шешімдерге дейінгі мәселелер назарға алынды. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейі және жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуі бағаланды.
Басқарма төрағасы кеніштің персоналға арналған инфрақұрылымымен, еңбек жағдайымен танысты және жерасты жұмыстарына куә болды.

Компания басшысы жерасты жұмыстарының қауіпсіздігі мен тиімділігіне тікелей әсер ететін жөндеу учаскесіне, тау-кен техникасының жұмысына, сондай-ақ бұрғылау және қазу технологияларына ерекше назар аударды.
Байыту фабрикасында кен өңдеудің толық технологиялық тізбегі қарастырылып, жұмыс барысындағы ауытқуларды жедел анықтауға және технологиялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретін өндірістік үдерісті басқару мен мониторингтеу жүйесіне көңіл бөлінді. Мұндай тәсіл өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, адами фактордың ықпалын азайтады.
Жұмыскерлермен әңгімелесу барысында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ кеніш пен фабрика жабдықтарының техникалық, физикалық және моральдық жай-күйін сақтау мәселесі талқыланды.
