Руслан Берденов сотта жауап беріп жатыр

Көркем Алдабергенова 18 там. 2025 10:55

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов сотта жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесі тараптардың жарыссөзі кезеңіне шықты.

Прокурор айыпталушы Ернар Жиембайға бүгін жаза тағайындауды сұрайды. Осы күнге дейінгі соттарға Берденов қатыса алмаған, себебі ұзақ уақыт ем қабылдап, жақында тағы бір ота жасатқан. Соңғы тыңдауға шенеунік тікелей ауруханадан онлайн қосылды.

Бұған дейінгі жағдай

Еске салайық, бұған дейін Руслан Берденов сотқа келуге міндеттелгені хабарланды. Сот отырысында судья Әбінұр Қарабаев Руслан Берденовті 6 тамызға жоспарланған негізгі сот процесіне міндетті түрде қатысуға шақырды.

Себебі Руслан Берденов алдын ала тыңдауға өзі келмеген еді. Оның өкілі Руслан Берденов ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Әкімдік маңындағы атыс туралы

21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Артынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл іс бойынша басты күдікті - Ернар Жиембай. Ашық форматта өткен алдын ала тыңдау кезінде судья Жиембайдың сот процесі барысында өзін түсіруге қарсы екенін жеткізді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар