Рудныйда дүкенге шабуыл жасалды, күдікті ауруханаға жеткізілді

Самал Асқар 27 нау. 2026 19:22

Рудный қаласында дүкендердің бірінде шабуыл жасалып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды DalaNews.

Оқиға Ленин көшесіндегі дүкенде болған. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, ішке кірген екі ер адам агрессивті әрекет танытып, мүлікті бүлдірген. Олардың бірі касса жанындағы калькуляторды сындырса, екіншісі қайырымдылық жәшігінің пломбасын жұлып алған.

Күдіктілер жәшіктегі қағаз ақшаны алып кеткен, ал тиындарды қалдырған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш құрылғы да зақымданған.

Оқиғадан кейін дүкен қызметкерлері полиция шақырған. Күдіктілердің жеке басы анықталғанымен, ұрланған ақша табылмаған.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Рудный қаласының 32 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол денсаулығына байланысты медициналық мекемеге орналастырылған.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove