Рыбакина мен Путинцева Канадада өтетін жарысқа қатыса ма? - ҚР Теннис Федерациясы жауап берді

Қаракөз Амантай 06 там. 2024 14:54 5517

Париж Олимпиадасынан бас тартқан қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Канадада өтетін жарысқа да қатыспайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ҚР Теннис Федерациясы Azattyq Rýhy-ның сауалына жауап беру кезінде мәлімдеді.

"Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Торонтода іріктеуден басталған турнирде ойнайды деген жалған ақпарат пайда болды. Өкінішке қарай, біздің кейбір әріптестеріміз ақпаратты тексеруден гөрі хайпты артық көріп, қоғамға жалған ақпарат таратып отыр. ҚТФ баспасөз қызметінің басшысы ретінде Путинцева мен Рыбакина Торонтоға барып, ойын көрсетпейтінін айтқым келеді", - делінген хабарламада.

Федарация баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын тізімге енген спортшылардың есімі турнирлер жүйесінен дереу алынып тасталмайды.

"Сондықтан олардың аты WTA сайттарында және әр түрлі платформада сақталуы мүмкін. Неліктен екені белгісіз, спортшының атын алып тастау ұзақ уақытты алады", - деді федерациядан. 

Еске салсақ, екі спортшы да бұған дейін Париж Олимпиадасына ауырып қалғандарына байланысты қатыспаған еді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар