Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы Түркістан өңіріне тиесілі

Dalanews 25 қар. 2018 04:31 690

Бұдан бөлек тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы да Түркістанның еншісінде.  Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. 

Айта кетелік, бүгінгі таңда Түркістан өңіріндегі ауыл шаруашылық саласының жалпы өнім көлемі 475,6 млрд. теңгеге жетіп, облыс бұл көрсеткіш бойынша республикада 2-ші орынға көтерілген.

Биылғы жылы түркістандық шаруалар көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдарынан 2,8 млн. тоннадан аса өнім жинаған. Бұл өңірдің тарихында болмаған рекордтық көрсеткіш екенін ескерте кетейік.

Сонымен қатар Түркістан өңірі экспорт көлемін көбейтуге де күш салуда. Атап айтар болсақ,  500 мың тоннадан аса көкөнім өнімдері көрші Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне, ал 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілген екен.


Өз кезегінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі қарқынды баулардың көлемі 2800 гектарға жетіп, елдегі жеміс-жидектің 40 пайызы, жүзімнің 73 пайызы Түркістан облысында өндірілгенін айтып өтті.

– Еліміздегі салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы да біздің өңірге тиесілі. Облыста алғаш рет 6,2 мың тонна ет экспортталып, республика экспортының 41 пайызын қамтыды. Мұның барлығы өңір шаруашылының төккен тері. Бұл бірінші кезекте солардың жетістігі», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар