Республика күні қарсаңында Алтай Көлгінов еңбек адамдарына мемлекеттік марапаттарды табыс етті

Dalanews 23 қаз. 2022 04:57 958

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Республика күні қарсаңында сала мамандарына мемлекеттік наградалар мен марапаттарды табыс, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ең басты құндылық – адами капитал. Әр адам елінің, қаласының қалыптасуы мен даму жолында өлшеусіз үлес қосуы кеерк. Бүгін Республика күні қарсаңында Астана қаласы тұрғындарына қала әкімі мемлекеттік наградалар «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағы, «Ерең еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, ҚР Құрмет грамоталары табыс етті.

«Құрмет» орденімен педагогтар, дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері марапатталды. Олардың қатарында хирург-дәрігер В.Сон бар, ақхалатты маман бүгінге дейін жүздеген адамның өмірін аман алып қалған.

Ал ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Астана-Энергия» машинисті Қ.Аупенов, «Астана-Теплотранзит» слесарі Б. Жұмаділов, автопарк жүргізушісі Қ.Құлтаев сынды еңбек адамдары марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «№5 гимназия» КММ мұғалімі Л. Ассалауова, конькимен жүгіру спортының аға жаттықтырушысы В. Костин және бірқатар  медицина қызметкерлері марапатталды.

– Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, сіздерді келе жатқан Республика күні мерекесімен құттықтаймын! Бірлік пен татулығымызды сақтай отырып, бұдан да үлкен биіктерге жете аламыз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін! – деп жазды әкім.



 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар