Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Нұрлан Мәсімов Ресейге өтпек болған жерінен ұсталған
“Ағымдағы жылғы 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады”, – делінген агенттіктің хабарламасында.
Айта кетсек, Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған еді.