Ресейдегі атышулы теракт: ұсталған төрт адамға қатысты тың дерек шықты

Сағыныш Сардарова 25 нау. 2024 11:35 7292

Мәскеудегі ойын-сауық нысандарының бірінде ірі көлемде теракт болып, жүзден аса адам қаза тапты. Осы оқиғадан кейін Мәскеу қаласының жалпы юрисдикция соттары күдіктілерге қандай бұлтартпау шарасы таңдалғанын жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Мәскеу қаласының аудандық сотына Крокус-Экспо сауда ойын-сауық орталығында ауқымды террористік акт жасады деген күдіктілер әкелінген. Кейінірек Басман аудандық соты террористер тобына қатысты алдын ала тергеу органдарының бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қарауға кірісті.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша террористердің атыс қаруын қолдануы мен сауда ойын-сауық орталығы өртенуінен 130-дан аса адам қаза тапқан, зардап шеккендердің саны 180 адамнан асады.

Күдіктілер кінәсін мойындаған. Сондай-ақ, төрт күдікті де әзірге қамауда отыратыны белгілі болды.

Мәскеу қаласының Басман аудандық соты Тәжікстанның тумасы Далерджон Мирзоевқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдады. Ол Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігінің "б" тармағында (террористік акт) көзделген қылмысты жасады деп айыпталып отыр.

"Мирзоев Қарулы ұйымдасқан топ құрамында "Крокус Сити Холл" ғимаратында болған Ресей Федерациясының азаматтарын атуға қатысты. Содан кейін айыпталушылар "Крокус Сити Холл" ғимаратын өртеп жіберді.

Мирзаев кінәні толық мойындады. Мәскеу қаласының Басман аудандық соты тергеу органдарының өтінішін қанағаттандырды және Мирзоевке қатысты 1 ай 28 тәулікке қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, яғни 2024 жылғы 22 мамырға дейін", - деп жазылған мәліметте.

Кейінірек сот Крокус Сити Холлға қатысты екінші айыпталушыға бұлтартпау шарасын таңдады.

"Мәскеу қаласының Басман аудандық соты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігі "б" тармағында көзделген (террористік акт) қылмысты жасады деп айыпталған Саидакрами Рачабализодаға қатысты бұлтартпау шарасын таңдады.

Рачабализода кінәні мойындады. Сот 1 ай 28 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, яғни 2024 жылғы 22 мамырға дейін", - деп жазылған сот мәліметінде.

Сонымен қатар, "Крокус Сити Холлдағы" террористік акт бойынша үшінші қатысушы да қамауға алынды.

"Басман аудандық соты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігі "б" тармағында (террористік акт) көзделген қылмысты жасады деп айыпталған Шамсидин Фаридуниге қатысты бұлтартпау шарасын таңдады.

Сот 1 ай 28 тәулік мерзімге, яғни 2024 жылғы 22 мамырға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп жазылған мәліметте.

Кейінірек төртінші айыпталушыға да бұлтартпау шарасы таңдалды. Мұхаммедсобир Файзов Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігі "б" тармағында (террористік акт) көзделген қылмысты жасады деп айыпталып отыр.

Сот оған да 2024 жылғы 22 мамырға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Айта кетейік, 22 наурызда белгісіз біреулер Мәскеудегі Крокус Сити Холл концерт залында адамдарға оқ жаудырды.

Кейін концерт залында өрт шыққан. Себебі оқ атқандар граната жарған. 

"Залда жүрген адамдар атыстан қорғану үшін бірден жерге жатып қорғанды. Кемінде 15-20 минут жерде жатып, ақырындап сыртқа шыға бастады. Көбі қашып үлгерді", - деп жазды сол кезде ресейлік арналар. 

Деректерге сүйенсек, атыс "Пикник" рок-тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар