Ресейде Telegram толық бұғатталды

Ресейде Telegram толық бұғатталды
Фото: Matthias Balk / DPA / Global Look Press

Ресей аумағында Telegram мессенджері істен шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Detector404.ru сервисінің мәліметінше, қосымшаға қосылу әрекеттерінің сәтсіздігі 100 пайызға жеткен. Бұған дейін бұл көрсеткіш 64 пайыз болған.

Ел тұрғындары қосымшаға кіре алмай отырғанын, сондай-ақ хабарлама жіберу мен қабылдау мүмкін болмай қалғанын айтып жатыр.

Ақау таңғы сағат 9-дар шамасында басталып, әзірге жалғасып жатыр.