Ресейде қылмыс жасаған қазақстандық елге әкелінді

Көркем Алдабергенова 07 қаз. 2024 16:01 2190

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған. 

Қылмыстың нәтижесінде мейрамханаиесіне 46 млн. теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. 

Ағымдағы жылдың мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар