Ресейде қамауға алынған қазақстандық студент туралы не белгілі?

Қаракөз Амантай 19 мам. 2025 16:08

Санкт-Петербург соты 23 жастағы Қазақстан азаматы Гарри Азарянды екі айға, яғни 14 шілдеге дейін қамауға алу туралы шешім шығарды. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, оған терроризмді жария түрде ақтады және насихаттады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған іс ресейлік Telegram-арналарында “троцкишілер ісі” деп атала бастады — себебі бұл тергеу аясында Азаряннан бөлек тағы алты студент тұтқындалған.

Гарри сотта өз кінәсін мойындамай, барлығын ашық айтып түсіндіруге дайын екенін мәлімдеді:

"Мен кінәлі екенімді мойындамаймын. Керісінше, кінәсіз екенімді дәлелдеуге дайынмын. Тергеуден қашу немесе кедергі келтіру ойымда жоқ. Қоғамға тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқпын деп ойлаймын. Тұрып жатқан жерім — жатақхана — бейнебақылаумен қамтылған, арнайы өткізу жүйесі де бар. Яғни менің жүріс-тұрысымды бақылау оңай", — деген оның сөзін «Бумага» арнасы келтіреді.

"Ротонда" телеграм арнасының жазуынша, Гарри — Қазақстан азаматы, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің магистратурасында саясаттану мамандығы бойынша білім алады. Ол Петергофтағы жатақханада тұрып, бос уақытында “Ихи-Охи” атты би клубын жүргізеді. Клуб атауы шотланд тілінен "Мұнда да емес, онда да емес" деп аударылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар