Ресейде биыл Жеңіс парады шектеулі форматта өтеді

Ақтоты Жапатова 29 сәу. 2026 10:30

Ресейде Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі әскери парад биыл шектеулі форматта ұйымдастырылады. Бұл туралы 28 сәуірде Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

9 мамыр күні Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Алайда парадта әскери техникалар колоннасы болмайды. Мұндай шешім 2008 жылдан бері алғаш рет қабылданып отыр.

Сондай-ақ биыл парадқа әскери оқу орындарының тәрбиеленушілері — кадеттер, суворовшылар мен нахимовшылар қатыспайды. Ведомство бұл шектеулерді «қазіргі жедел жағдаймен» байланыстырған.

Парадтың жаяу бөлігінде Ресей Қарулы күштерінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен әртүрлі әскер түрлерінің әскери қызметшілері сап түзейді.

Ал авиациялық бөлім сақталады. Қызыл алаң үстінен ресейлік пилотаж топтарының ұшақтары ұшып өтеді. Ал шара соңында Су-25 шабуылдаушы ұшақтары Мәскеу аспанын Ресей туының түстеріне бояйды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove