Бүгін Ыстамбұлда Долмабахче сарайында келіссөз басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кездесуге Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан, АҚШ атынан Марко Антонио Рубио және Украина президенті әкімшілігінің жетекшісі Андрей Ермак қатысып жатыр.
Екінші кезеңде Түркия, Украина және Ресей делегациялары бас қосады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл келіссөздер - қантөгісті тоқтатуға жасалған маңызды қадам, екі тараптың да бейбітшілікке мүдделі екені байқалады. Ал АҚШ пен Түркия бітімге келу процесіне белсенді ықпал етіп отыр.
Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен Анкарада кездесу туралы келісім жасағанын айтқан еді. Егер Владимир Путин Түркия астанасына барудан бас тартып, Ыстамбұлды таңдаса, онда Зеленский мен Ердоған да сол жаққа баруға дайын екенін мәлімдеді.
"Біз Путинмен кездесу үшін барлығын жасаймыз. Атысты тоқтату туралы шешімді ол ғана қабылдай алады", – деді Украина басшысы.
БАҚ мәліметінше, АҚШ президенті де келіссөздерден "өте жақсы нәтижелер" күтетінін жеткізген.