Ресей "орыстарды көбірек өлтіру керегін" айтқан дипломатқа іздеу жариялады

Көркем Алдабергенова 04 нау. 2024 10:58 3852

Ресей Украинаның Қазақстандағы экс-елшісі Петр Врублевскийге халықаралық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Ресей Федерациясы Врублевскийді террористер мен экстремистер тізіміне кіргізген.

Мәскеудің Басманный аудандық соты Врублевскийді қылмыстық істің аясында сырттай қамауға алуға рұқсат берген. ТАСС мәліметінше, дипломат федералды және халықаралық іздеуге жарияланған.

"Мәскеу соты тергеудің Украина азаматы Врублевскийді Ресей аумағына экстрадициялау сәтінен бастап немесе ұсталған кезден бастап екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қанағаттандырды", - дейді агенттікке пікір білдірген адам.

Айта кетейік, Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Кузаировқа берген сұхбатында айтқан пікіріне қатысты қызу талқыға түсіп кеткен болатын. Врублевский "Оларды (орыстарды) көбірек өлтірмекпіз. Қазір орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, соғұрлым балаларымыз аз өлтіреді" деген еді.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар