Үкіметтік комиссия басшысы Қанат Бозымбаев мәлімдеме жасады

Үкіметтік комиссия басшысы Қанат Бозымбаев мәлімдеме жасады

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тауып, 3 әскери құтқарылды, ал із-түзсіз жоғалған 2 қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Президенттің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Құзырлы органдар тиісті баптар бойынша қылмыстық іс қозғады.