Ресей – НАТО кеңесінде Украинадағы дағдарыс талқыланды

Dalanews 14 шіл. 2016 02:51 733



НАТО мен Ресей өкілдері арасындағы кездесу 2014 жылдан бері екінші рет орын алды. Екі тараптың қарым-қатынасы Украинадағы дағдарыстан кейін нашарлап кеткен.





Ресей — НАТО Кеңесінің кездесуінде Украина күн тәртібіндегі бірінші тақырып болды. Бұл жөніде Брюссельде Кеңестің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізген НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

"Біз қазір ғана Ресей-НАТО Кеңесінің отырысын өткіздік. Бұл ашық түрде өткен пайдалы келіссөздер болды," - деді ол.

Оның сөздерінше, Ресейдің Украинадағы әрекеті еуроатлантикалық қауіпсіздікті әлсіретті. "Дағдарысқа байланысты НАТО одақтастары мен Ресей арасында үнемі келіспеушілік болып келеді. Біздің көзқарастарымыз бүгін де сәйкес келмеді. Бірақ бұл Украинадағы дағдарысқа қатысты пікір алмасып, көзқарастарымызды нақтылау үшін қажет болды," - деп атап өтті Столтенберг.

НАТО Қырымның аннексиясының заңдылығын мойындамайды деді ол.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар