Ресей мен АҚШ текетіресіндегі үш сценарий

Dalanews 25 мам. 2015 23:58 882

Ресей биыл да жеңіс парадына алапатын асыруды ойлап, мақтан тұтатын әскери техникасын  көрсетті.  Әр елдің  президенттері келді. Бірақ бұл жолы АҚШ пен Еуропа басшылары шақыртудан бас тартты. Қырымды тартып алып, Украинаның шығысында лаң салып отырған Путиннің жанында парадты көргілері келмегені белгілі. Кремль 2008 жылдан бері Қызыл алаңда өзінің әскери әлеуетін көрсетіп келеді. Биылғы парадта бұрын көрсетпеген, жан-жақтылы жетілдірілген қару-жарағын паш етті.


Бірақ бүгінгі орыстың әскери техникасы қазіргі өзінің бәсекелестерімен салыстырғанда үлкен соғыстарға дайындығы, жоғары технологиялы аспаптары, роботты, лазерлік қарулары, құрлықаралық баллистикалық зымырандары жағынан қаншалықты қауқарлы?

Жақында Amerikabuleteni газетінде жарияланған мақалада АҚШ пен Ресей арасында соғыс өрті тұтанса, оның қандай сценариймен өрбитіні айтылған? Мамандар пікірінше, екі ел арасында соғыс төмендегідей үш түрлі сценарийде жүруі мүмкін.

 Ядролық қиямет

Қырғи қабақ соғыстан бері, қарусыздану  келісіміне қарамастан, екі державаның да қоймасында мыңдаған ядролық қарулар бар. АҚШ баспасөзінде жарияланған биылғы мәліметтер бойынша АҚШ-тың барлық құрлықаралық баллистикалық зымырандарының (ҚАБЗ) әлі қолданысқа жарамды 448 данасының барлығы Ресейге бағытталып қойғаны жазылады. Ресейдің де нақты саны белгісіз ҚАБЗ нысанасы АҚШ болып тұр. АҚШ-та барлығы 7700 ядролық соғыс қаруы бар. АҚШ ғалымдар федерациясының мәлімдемесінде бұлардың 1950-і ҚАБЗ-дар,  қалғаны суасты және  ұшақта тасымалданатын түрлері. Ал Ресейдің барлық ядролық қару-жарақ саны бәсекелесінен сәл-пәл көбірек, яғни 8500 шамасында. Бірақ бұлардың 1800 данасы ғана соғысқа қолдануға  жарамды. Бірақ АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық соғыстан екі жақ та жеңбейді. Өйткені орны толмас апат болады. «Madness» естен алжасу. Mad,  ағылшынша «mutually assured destruction» өзара бір-біріне жауап қайтаратын апат. Екі супер державада ақылдан адасқанын білген соң 1948 жылы Берлинде, 1956 Македонияда, 1961 жылы Кубада, 1968 жылы Прагадағы кездесулеріне қарамастан, ядролық қаруды қолданбауға келісе алмады. 15 наурызда көрсетілген «Қырым. Отанға қайту жолы» деп аталатын деректі фильмде Путин былай деген: «Украина мен Қырымдағы жағдайға байланысты қажет болса Ресей ядролық қаруын қолдануға дайын болған. Ядролық қару-жарақты соғыс  дайындығына келтіруге бұйрық бердім». Путиннің бұл сөзінен соң әуелі екі ел арасында ядролық соғыс болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Адамзаттың бұл сценарийге қарсы жалғыз үміті – үрейлі қарудан бас тартқызу.

 Шығыс Еуропадағы дәстүрлі соғыс

Бұл Қырғи қабақ соғыс уақытында ойластырылмаған өзгеше сценарий. Украина мәселесінен кейін қайта айтыла бастады. Бірақ бұл соғыстың соңы ядролық соғыспен аяқталуы әбден мүмкін. Қалай болғанда да шарасыз мәжбүрлі жағдайға әкеліп тірейді. Шығыс Еуропа аумағында соғыс бола қалса қалай боларына теориялық тұрғыдан көз жүгіртіп көрелік. Соғыс алауы Укринада болса, НАТО-ның барлық мүмкіндігі мен жақтастары АҚШ-тың жағында болары анық.

АҚШ майданға сырттан қосылып, ал Ресей өз аумағында майдан шебін құрады. Орыстардың бұл артықшылығы бір жағынан соры болмақ. Қырым  Ресейдің теңіз флотындағы қорғаны және Ресей әскерінің басым бөлігі елдің оңтүстік батысында сақадай сай тұр.

Бұған қоса АҚШ және НАТО мүшелерінің де 40 аумақта орналасқан әскери 598 базасы Ресейдің төрт бүйірінен бір сәтте соққы бере алады. АҚШ-тың өз жерінде және  мұхит аралдарында барлығы 4461 әскери базасы бар.  АҚШ-тың бірқатар әскери базалары мен әскері Германия жерінде орналасқан. Бұлар Ресейдің батысынан соққы жасайды. Катар және Диеого Гарсиа базалары бәсекелесінің оңтүстігіне, Жапония және Оңтүстік Кореядағы  базалары шығысына бір сәтте оңай ойсырата соққы бере алады. Бұл Ресейдің жан-жағынан қаймалауға мүмкіндік жеткілікті екенін көрсетеді. НАТО-ға мүше елдердің, Франция және Ұлыбританияның да Ресейге жақын тұрған әскери базалары барын ұмытпау керек. Ал оңтүстік батысында Түркиядағы НАТО әскери базалары соғыстың белортасы болары түсінікті. Ал Ресей ше? NYU профессоры Марк Галеотти Washington Post-қа жасаған мәлімдемесінде Ресейдің Кубада әскері және Сирияның Тартус маңайында теңіз флоты бар деп айтты. Бұл екеуінен басқа Ресейдің, ескі кеңес республикаларын қоспағанда, сырт мемлекеттерде әскери базалары жоқ.

Ресей армиясында 845 мың әскер, екі жарым миллион запастағы әскер бар. Танк, артиллерия және оқ-дәрі қоры жағынан АҚШ-тан басым. Профессор Галеотти Ресейдің әскери күш-қуатының АҚШ одақтастарынан төмендеу екенін, бірақ 1990 жылдармен салыстырғанда жақсарып қалғанын айтқан. Бұған қоса орыс әскери күштері мен жеке құрамдары көрші мемлекеттерге күш көрсете алғанымен, бірақ НАТО әскерімен иық теңестіре алмас.  Қытайды да жеңе алмайды. Профессор Галеотти Ресейдің Қара теңіздегі флотын тіпті Италияның теңіз флоты жалғыз өзі ғана қирата алатынын айтады.

Ал АҚШ қарулы күштерінде 1 млн 400 мың әскер бар. 850 мың запастағы әскері тағы бар. Тек АҚШ-тың негізгі соғыс күштері  дүниенің төрт бұрышындағы 598 әскери базада. Ықтимал соғыста алғаш болып әскери ұрысқа НАТО-ның тактикалық NRF күштері кіріспек. NRF-да 13 мың әскер бар. Мыңдаған запасы тағы тұр.

Соғыс бастала қалса Ресейдің қорғаны Севастополь АҚШ пен НАТО-ның алғашқы нысанасы болмақ. Бұл екеуінің бұл жерге әуе шабуылы операциясын қолданатыны айқын. Радар, зымыран, электроникалық әскери мамандары берген пікірлер бойынша АҚШ ұшақтары соңғы үлгіде жабдықталған.  Әйтсе де, орыс ұшақтарының маневр жасау қабілеті жоғары дейді. Finansal Times-тан сарапшы Шарлиес Кловер классикалық әуедегі қақтығыстарында орыс ұшақтарының артықшылыққа ие екенін айтады. Ресей қорғаныс сарапшысы Руслан Пусков: «Ендігі соғыс «Top Gun» фильміндегідей болады. Бұған қоса Кеңес одағы құлаған соң ұшақтарымызды соңғы үлгіде жабдықтауда АҚШ-тың соңында қалдық. Осал тұсымызды жабу үшін әуе қорғаныс күштеріне аса мән бердік. S-400, S-300 ұшақтары әуе қорғанысында әлемдегі ең озығы. Бокстағы сияқты. Оң қолыңыз әлсіз болса, сол  қолыңызды шынықтырасыз. Әуедегі осалдығымызды құрлықтағы әуе қорғанысымызбен мығымдадық» дейді.

АҚШ пен Ресей арасындағы дәстүрлі соғыс сценарийінде кім жеңсе де, орны толмас сұмдық соғыс болады.

 Бүркеншік соғыс

Бұл АҚШ пен Ресей арасындағы адам шошитын соғыстардан кейінгі үшінші сценарий.  Алдыңғылардан жеңілдеу. Негізінде қазіргі болып жатқан сценарий. АҚШ Украинаға қаржылай және әскери көмек көрсету –арқылы соғысқа жасырын қатысады. Бұл соғыстағы мақсат - Ресейді Украинадан ығыстырып шығару ғана. Немесе АҚШ пен НАТО Украина әскеріне көмекке келеді. Бұған ерегіскен Ресей де жасырын түрде сепаратистерге дем береді. Нәтижесінде Украинада азамат соғысы болады. Қазіргі экономикалық санкцияларды батыстың бір сарапшысы жыланның құйрығын басып қалуы дейді. «Қауіп төндірген жыртқышты жылан шағып алады. Организмі әлсіреген жыртқыш сабасына түсіп, шегініс жасайды, бірақ уы ағзада жайыла береді. Экономикасы әлсіреген елдің әскери күш қуаты да әлсірейді» деген пікірін айтады АҚШ пен Ресей арасындағы тайталасқа сарапшы. АҚШ пен Ресей арасында мұндай бүркеншік соғыстар алғаш болып отырған жоқ. Бұрындары Ресей солтүстік вьетнамдықтарды қолдай отырып, АҚШ сарбаздарын еліне қайтуға мәжбүр қылған. АҚШ-та моджахеттерді қолдай отырып, Кеңес әскерін Ауғанстаннан шығарды. Бұл сценарийлердің біреуі шындыққа айналса, басқыншының әскеріне қиямет. Мұндай соғыста АҚШ жеңіске жетуі мүмкін деп қорытынды жасайды мамандар.

Аударған Назар Тұрықбайұлы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар