Ресейлік магнат Әлішер Усмановтың Кавказ және Орталық Азия елдерінің басшыларымен байланысы оның Еуроодақ санкцияларынан шығуына ықпал еткен. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Басылым мәліметінше, Усманов пен Михаил Фридман Украинадағы соғысқа байланысты ЕО санкцияларынан құтылған ресейлік ірі бизнес өкілдері қатарында.
Усмановтың Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен байланысы санкциядан құтылу процесінде маңызды рөл атқарған.
Bloomberg дерегінше, Франция Усмановты ЕО санкциясы тізімінен шығаруға Әзербайжанда қамауда отырған екі адамды босату жөніндегі келісім аясында күш салған.
ЕО Усмановты санкциялар тізімінен шығарғаннан кейін келесі күні Әлиев тыңшылық жасады деген айыппен сотталған Франция азаматын кешірген.