Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин Украинадағы соғысты уақытша тоқтатып, қақтығысты «тоқтата тұруды» Мәскеу үшін қолайлы шешім емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
ТАСС агенттігіне берген сұхбатында ол Ресей президенті Владимир Путиннің ұстанымына сілтеме жасап, дағдарыстың түпкі себептері жойылмайынша ешқандай «мұздату» мүмкін еместігін айтты.
«Президент Владимир Путин бірнеше рет атап өткендей, бұл дағдарыстың бастапқы себептері шешілмейінше, қандай да бір “мұздату” туралы сөз болуы мүмкін емес. Зеленский шынайы жағдайдан алыстап кеткені байқалады және қақтығысты одан әрі ушықтыруға тырысып отыр. Бұл тіпті Киев серіктес санайтын мемлекеттердің де наразылығын туғызуда», – деді Галузин.
Ресей дипломаты АҚШ-тың Украинаға қатысты әрекеттерін де сынға алды. Оның пікірінше, Вашингтонның ұстанымы бейбіт реттеу ниетімен үйлеспейді. Галузин бұл ретте АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Америка өзін «бейтарап делдал» ретінде қарастырмайтыны туралы мәлімдемесін мысалға келтірді.
СІМ өкілінің айтуынша, Мәскеу өз мақсаттарына «Анкоридждегі уағдаластықтарды ескере отырып» қол жеткізуге дайын және саяси ерік болған жағдайда Украина төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге болады деп есептейді.