Еуропалық барлау қызметтері Ресей гибридті операцияларын күшейтуі мүмкін екенін ескертті. Оның ішінде диверсиялар, инфрақұрылым нысандарына шабуылдар және дрондарды пайдаланып арандату әрекеттері болуы ықтимал, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алайда қазір Ресей Балтық елдеріне немесе Польшаға кең ауқымды басып кіруге дайындалып жатқанының белгілері жоқ.
Болжамдардың біріне сәйкес Мәскеу тек шиеленісті күшейту қаупін көрсетіп, Еуропа елдерін қорқытуы және оларды Украинаға қолдауды азайтуға мәжбүрлеуі мүмкін.
Ескерту аясында Еуропада әскери нысандар мен маңызды инфрақұрылымдардың үстінен күдікті дрондар ұшқаны туралы хабарламалар да жиілеген.