Freedom Inside '26

"Ренішсіз өмір сүрейік": Актер Жанболат Найзабеков жақын досының қазасы туралы айтты

"Ренішсіз өмір сүрейік": Актер Жанболат Найзабеков жақын досының қазасы туралы айтты
ашық дереккөзден

Танымал актер, "Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының мүшесі Жанболат Найзабеков әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабармен бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесі отбасымен жақын араласқан досының өмірден өткенін айтып, қайғысын жеткізді. Оның сөзінше, кеше ғана сөйлесіп, амандық сұрасқан адамынан бүгін айырылғанын есту өте ауыр болған.

"Кеше ғана сөйлесіп, қал-жағдай сұрасып отырып, бүгін жайсыз хабар естіген қандай жаман. Досым-ай... Сіздер танымайсыздар. Отбасымызбен араласатын жақын досымыз. Өте жақсы, сыйлы адам еді. Дос дегенге тұрарлық азамат болатын", – деді актер.

Жанболат Найзабеков марқұмды ақтық сапарға шығарып салу үшін Жаркентке барғанын айтты.

"Ажал ғой, айтып келмейді. Досымызды ақтық сапарға шығарып салуға Жаркентке келдік. Кімнің қашан өлерін ешкім білмейміз. Ренішсіз өмір сүрейік", – деп жазды ол.

Актердің бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары көңіл айтып, марқұмның жақындарына сабыр тіледі.