Референдум туралы онлайн сауалнама жүргізген қарағандылық жазаланды

Көркем Алдабергенова 15 нау. 2026 18:04

Қарағанды облысында бір тұрғын интернет-платформада қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізіп, үгіт-насихат жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Бекжан Караманов мәлімдеді.

Желі қолданушысы кінәсін мойындап, жариялаған контентін өшірген.

«Осыған байланысты айыппұл қысқартылған тәртіппен салынды. Назар аударғым келеді, прокуратура органдары ұқсас жағдайларды да тіркеп отыр, соның ішінде онлайн-платформаларға бюллетеньдердің фотосуреттерін жариялау фактілері бар. Егер бұл әрекеттерде құқықбұзушылық құрамы бар екені расталса, заңда көзделген шаралар қабылданады», – деді Караманов.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove