Ұлттық құрылтай мүшесі әрі «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қазіргі таңда сот органдарының өзі заңдардың қазақша нұсқасына сүйеніп шешім қабылдауға дайын емес екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның сөзінше, мұндай жағдайдың басты себебі – заңнамалық құжаттардың түпнұсқасы қазақ тілінде емес, өзге тілде әзірленуі. Соның салдарынан кейін жасалған аудармалар кейде мағынасы бұлыңғыр, тіпті бір-біріне қайшы болып жатады.
Сондықтан заң ең әуелі мемлекеттік тілде жазылуы қажет. Бұған қоса, ел аумағында жасалатын кез келген келісімшарт та қазақ тілінде рәсімделуі тиіс.
