Пентагон Иранға жасалған соққылардың алғашқы екі күнінде 5,6 млрд долларлық оқ-дәрі жұмсаған

Көркем Алдабергенова 10 нау. 2026 12:11

Пентагон Иранға жасалған соққылардың алғашқы екі күнінде 5,6 млрд долларлық оқ-дәрі жұмсаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Иранға жасалған соққылардың алғашқы екі күнінде шамамен 5,6 миллиард доллар көлемінде оқ-дәрі пайдаланған. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, мұндай ірі шығын АҚШ Конгресіндегі бірқатар өкілдердің алаңдаушылығын күшейткен. Олар америкалық әскерилердің ең заманауи қару-жарақ қорын тым жылдам сарқып жатқанына назар аударып отыр.

Конгресс мүшелерінің пікірінше, қазіргі қарқын сақталса, АҚШ-тың жоғары технологиялы қару-жарақ қоры қысқа уақытта айтарлықтай азаюы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove