Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалған қыз табылды

Сағыныш Сардарова 10 нау. 2026 10:52

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір Әсем консулдың жанында екені айтылды. Алайда қыздың әпкесі оқиғаның мән-жайын нақтыламады.

Айта кетейік, бұған дейін 26 жастағы Әсем 6 наурызда Вьетнамның Хошимин қаласында байланысқа шығуын тоқтатқаны хабарланды.

Туыстарының айтуынша, Әсем сол күні Ханой қаласына ұшып барып, Қазақстан консулымен кездесуді жоспарлаған. Алайда әуежайға шамамен 20 шақырым қалғанда ол байланысқа шықпай қалған.

Жақындарының сөзінше, жоғалар алдында қыз қатты қорқып жүргенін және өзін біреулер аңдып жүргенін айтқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove