"Біреулер аңдып жүрген". Қазақстандық қыз Вьетнамда жоғалып кетті

Ақтоты Жапатова 09 нау. 2026 10:40

26 жастағы қазақстандық Асем есімді қыз 6 наурыз күні Вьетнамның Хошимин қаласында байланысқа шығуын тоқтатқан. Бұл туралы қыздың әпкесі әлеуметтік желіде жазба жариялап, көмек сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Туыстарының айтуынша, Асем сол күні Ханой қаласына ұшып барып, Қазақстан консулымен кездесуді жоспарлаған. Алайда әуежайға шамамен 20 шақырым қалғанда ол байланысқа шықпай қалған.

Жақындарының сөзінше, жоғалар алдында қыз қатты қорқып жүргенін және өзін біреулер аңдып жүргенін айтқан.

Қазіргі уақытта Асемнің отбасы Вьетнамда немесе көршілес елдерде жүрген азаматтардан көмек сұрап отыр. Сондай-ақ олар туристік және жергілікті WhatsApp, Telegram топтарда ақпарат таратуға шақырды.

«Егер Вьетнамда тұратын таныстарыңыз немесе туыстарыңыз болса, бізбен хабарласуларыңызды сұраймыз. Мүмкіндік болса, полиция мен ауруханаларға да хабарласып көруге көмектесіңіздер», – деді жоғалған қыздың әпкесі.

Қыздың туыстары оны іздестіруге қатысты кез келген ақпарат маңызды екенін ескертті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove