Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай декреттік төлемдерді заңсыз алған азаматтарға ешқандай жеңілдік жасалмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, заңсыз төленген қаражат толық көлемде мемлекет бюджетіне қайтарылуы тиіс, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұған дейін министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп декреттік төлемдерді алаяқтық жолмен рәсімдеу схемасын анықтаған. Тергеу мәліметінше, кейбір әйелдер жалған кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылып, олардың жалақысы жасанды түрде бірнеше есе көтерілген. Соның нәтижесінде мемлекеттен ең жоғары мөлшердегі әлеуметтік төлемдерді алу мүмкіндігі жасалған.