Freedom Inside '26

БҚО-да үш түлек суға батып кеткен: мән-жайы белгілі болды

БҚО-да үш түлек суға батып кеткен: мән-жайы белгілі болды
ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы оқиға Жаңақала ауданына қарасты Жаңақазан ауылы маңындағы Кіші өзенде болған. Алдын ала мәлімет бойынша 2008 және 2009 жылы туған үш жасөспірім арнайы жабдықталмаған әрі шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жеткен. Алайда олар келгенге дейін жасөспірімдердің сүйегін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылуға шақырды.