Жазба авторының айтуынша, жұбайының есімі - Николас Пикколо. Ол 1998 жылы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Туған кезде оған Руслан Өмірзақов деген есім берілген.
Жұбайы Шанель Пикколоның сөзінше, Николас кішкентай кезінде Қарағандыдағы "Малютка" балалар үйінде тәрбиеленген. Кей деректерде бұл мекеме "Шапағат" атауымен белгілі болуы мүмкін, алайда отбасы бұл ақпаратты нақты білмейді.
Бала асырап алу рәсімі 2003 жылғы 19 қаңтарда өткені ғана белгілі.
Отбасы ер адамның өткен өмірі туралы мәлімет өте аз сақталғанын айтады.
Оның жұбайы бұл іске көмектесе алатын кез келген адамға алғыс білдіретінін айтып, қандай да бір ақпарат білетін жандардан өздеріне хабарласуды сұраған.
