Алматы облысы әкімінің өкімімен Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Төлеген Кенжебеков тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Төлеген Кенжебеков 1986 жылы туған, білімі жоғары, Жетісу мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті, Құқық және экономика академиясын заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Жетісу мемлекеттік университетінде мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жастар жөніндегі маманы болып бастаған.
Әр жылдары Алматы облысының Ішкі саясат, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының бас маманы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде бөлім консультанты, бас маман, басқарма басшысы, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
